"Барыстың" бұрынғы ойыншылары Стэнли Кубогын иеленді
Ұлттық хоккей лигасынның (ҰХЛ) Стэнли Кубогын "Тампа-Бэй Лайтнинг" клубы жеңіп алды. Алты кездесуден тұратын серияда олар "Даллас Старзды" 4:2 есебімен ұтты.
Біз үшін қуанарлық жайт, жеңімпаз команданың сапында кезінде "Барыстың" намысын қорғаған екі бірдей ойыншы өнер көрсетті. Олар – 29 жастағы швециялық Виктор Хедман мен 31 жастағы америкалық Райан Макдона.
2013-14 жылдардағы маусымда ҰХЛ-да локаут жарияланғанда айтулы қос қорғаушы қазақстандық команданың жейдесін киді. Екеуі де өрелі өнерлерімен көзге түсіп, жергілікті жанкүйерлердің жүрегін жаулады. Локаут мерзімі аяқталғаннан соң олар қайта Америкаға оралды. Міне, енді "Барыстың" бұрынғы ойыншылары Стэнли Кубогын олжалап отыр.
Сонымен қатар, Виктор Хедманға осы жарыстың ең үздік ойыншысына тиесілі "Конн Смайт Трофи" сыйлығы табыс етілді. Скандинавиялық қорғаушы плей-офф сайыстарындағы 24 кездесуде 21 ұпай (10 гол+11 пас) жиды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Спорт
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024