Спорт
Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионатының ширек финалына өте алмады
- авторБақытжан Бекболат
- 10 қыркүйек, 2025
- 684
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Былғары қолғап шебері 85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Бекзат бұл кезеңде Грузия елінің өкілі Георгий Кушиташвилимен өзара мықтыны анықтады.
Алғашқы үшминуттықта отандасымыз басым түсті. Дегенмен Грузия елінің боксшысы екінші және үшінші раундта басымдық танытып, 3:2 есебімен жеңді.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстандық спортшылар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 24 сәуір, 2026






