жексенбі, 14 желтоқсан, 2025 21:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 6 медаль жеңіп алды
ФОТО: KBF
Қазақстандық команданың намысын 13 боксшы қорғады

Қазақстан құрамасы Дубайда өткен бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатындағы өнерін алты түрлі жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  baq.kz cілтеме жасап 

Әлем біріншілігінде қазақстандық команданың намысын 13 боксшы қорғады. Кейбір спортшылар жүлдесіз қалғанымен, құрама бірнеше салмақ дәрежесінде тұғырға көтеріліп, айтарлықтай нәтиже көрсете алды.

Әлем чемпионатында алтын медальді:

Сәкен Бибосынов (54 келіге дейін),

Оразбек Асылқұлов (57 келіге дейін) және

Абылайхан Жүсіпов (71 келіге дейін) иеленді.

Күміс жүлдені Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) жеңіп алды.

Қола медальдарға Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін) пен Ертуған Зейноллинов (63,5 келіге дейін) қол жеткізді.

Ал Даниял Сабит (51 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатали Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (81 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нұрмағамед Юсупов (92 келі) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) бұл турнирді жүлдесіз аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатындағы қорытынды нәтижесі — алты медаль, оның ішінде үш алтын жүлде бар.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар