жексенбі, 11 қаңтар, 2026 5:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды
Фото: ҚБФ
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Нұржан Насанов тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, Нұржан Нишанұлы 1975 жылы дүниеге келген.

2016 жылы жаттықтырушы мансабын бастаған. 2024 жылдың тамыз айынан ұлттық құраманың жаттықтырушысы.

Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай және тағы басқа боксшыларды тәрбиелеген.

Нұржан Насанов Қайрат Сәтжановты алмастырды. 

Қайрат Тұрсынханұлы 2024 жылдың тамыз айынан бастап ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарды.

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысының жетекшілігімен ерлер командасы көптеген халықаралық турнирлерде топ жарып, әлем чемпионатының жүлделерін иеленді. 35 жылдан аса тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты бұл қызметтен бас тартуына тура келді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар