Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов отбасымен Лондон қаласына қоныс аударды. Спортшы Тұманды Альбион елінде тіл үйрену мақсатында кеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Елдос Сметовтың жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевтің айтуынша, шәкіртінің Лондондағы оқу курсы 4 айға созылады.
"Елдос тіл үйрену мақсатында кетті. Оның шетелде достары көп. Қалай дегенмен Елдос татамиді тастамайды. Бұйырса, ол 2028 жылы өтетін Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына баруды көздеп отыр",-деді Ғалымжан Жылгелдиев.
Ал Елдос Сметовтың өзі бір сұхбатында әйгілі жапондық дзюдошы Наохиса Такато екеуі дос екенін айтып, екеуара тілдесуге ағылшын тілін білмеуді кесірін тигізетінін алға тартқан..
"Болашақта Такатомен емін-еркін әңгімелесе алатын дәрежеге жетемін деп ойлаймын. Себебі қазірден бастап ағылшын тіліне ден қоя бастадым. Маған тілдік орта қажет. Сондықтан тіл үйрену үшін басқа елге кетемін” – деген болатын дзюдошы сұхбатында.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
2025 жылы Қазақстан құрамасы қандай ірі жарыстарға қатысады
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 10:41