жұма, 13 наурыз, 2026 15:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады
Ұлттық Олимпиада комитеті
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ширек финалда қазақстандық теннисші Джессика Пегуламен (АҚШ) кездесті.

Матч екі сетке созылды. Нәтижесінде Рыбакина 6:1, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалда отандасымыз Элина Свитолинамен (Украина) кездеседі.

Айта кетейік, рейтинг ресми түрде жаңартылғаннан кейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар