жұма, 13 наурыз, 2026 14:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық ұландықтар мектеп оқушыларымен патриоттық кездесу өткізді

Ұлттық ұландықтар мектеп оқушыларымен патриоттық кездесу өткізді
Ұлттық ұлан
Кездесуге Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кеңесшісі Әлібек Әбділов пен құқықтық тәртіп әскерінің Ерлер хоры шақырылды.

Астана қаласы әкімдігінің «Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінің» ұйымдастыруымен және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қатысуымен «Елін сүйген ерлер» атты тәрбиелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Құқықтық тәртіп әскерінің өкілдері іс-шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековтің тапсырмасы бойынша арнайы қатысты. Кездесудің басты мақсаты — жас буынды елін, жерін сүюге баулу, өскелең ұрпақты елдікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Кездесуге Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кеңесшісі Әлібек Әбділов пен құқықтық тәртіп әскерінің Ерлер хоры шақырылды.

Жиын барысында Бас қолбасшының кеңесшісі оқушыларға отансүйгіштік пен патриотизмнің маңызы туралы айтып, жастарды елге адал қызмет етуге, тарихты құрметтеп, Тәуелсіздіктің қадірін білуге шақырды. 

- Отанды сүю — әр азаматтың қасиетті борышы, ал елдің болашағы білімді әрі саналы ұрпақтың қолында. Ұландықтар әрқашан жас буынмен тығыз байланыс орнатуға тырысады. Бұл жолы да біз оларды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, танымдық кеш өткіздік, – деді Әлібек Әбділов.

Ал халықаралық деңгейде танылып үлгерген Ұлттық ұланның Ерлер хоры әсерлі туындыларын орындап, көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады. 

Әскери қызметшілердің өнеріне тәнті болған тыңдармандар атынан Астана қаласы білім басқармасының бөлім басшысы Асыл Амангелдиева сөз алып, ұландықтарға алғыс білдірді. 

Айта кетейік, бүгінде республика бойынша еліміздегі білім ордаларында Ұлттық ұланда 100-ге жуық “Жас бүркіт” сыныптары ашылған. Сондай-ақ оқушылар үшін әскери бөлімдерде ашық есік күндері жиі ұйымдастырылады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар