Спорт
Эльмира Сыздықова Польшадағы халықаралық турнирде күміс жүлде иеленді
- авторБақытжан Бекболат
- 4 тамыз, 2025
- 805
Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова Варшавада өткен халықаралық турнирде 76 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына дейін жетті.
Спортшы бұл жарыста 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Жартылай финалда Сыздықова италиялық Энрика Ринальтиден басым түсіп, финалға жолдама алды. Алайда шешуші белдесуге қатыспай, турнирден бас тартты.
Нәтижесінде Эльмира Сыздықова Польшадағы турнирде күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті. 55 келіге дейінгі салмақта Зульфия Яхиярова қола жүлде жеңіп алды.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Айым Серікбаева таеквондодан жастар арасында әлем чемпионы атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 сәуір, 2026
Спорт
Қазақстан құрамасы футзалдан әзербайжандықтарды 9:2 есебімен ұтты
- авторБақытжан Бекболат
- 15 сәуір, 2026






