Елордалық «Барыс» хоккей командасының құрамы жаңа ойыншылармен толықты
- авторМағжан Орынбасар
- 14 тамыз, 2025
- 563
Елордалық «Барыс» хоккей командасы құрамына шетелдік ойыншылар қосылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Енді АҚШ хоккейшісі Иэн Маккошен алдағы маусымда елордалық «Барыс» командасының намысын қорғайды. Біржақты келісімшарт 2026 жылғы 31 мамырға дейін жарамды, ол бір маусымға есептелген.
2013 жылы «Флорида Пантерз» клубы драфтта таңдаған Маккошен кәсіби мансабының басым бөлігін Солтүстік Америкада өткізді. Ол Ұлттық хоккей лигасында 60, АХЛ-де 244 ойынға қатысты.
Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы маусымын Иэн 2024/2025 жылдары өткізді. «Куньлунь Ред Стар» сапында 61 матчқа қатысып, 4 шайба соқты және 11 нәтижелі пас берді.
Сондай-ақ «Барыс» хоккей клубы канадалық қақпашы Оливье Родригпен біржақты келісімшарт жасасты. Келісім бір маусымға есептеліп, 2026 жылғы 31 мамырға дейін күшінде болады.
25 жастағы Родриг «Эдмонтон Ойлерз» жүйесінен келді. Бұл клуб оны 2018 жылғы драфтта таңдаған. Өткен маусымда Оливье ҰХЛ-де алғаш рет мұз айдынына шығып, сондай-ақ АХЛ-дағы «Бейкерсфилд Кондорс» сапында 41 ойын өткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






