жексенбі, 19 мамыр, 2024 22:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Атақты боксшы Астананың спорт басқармасына басшы болып келді

Атақты боксшы Астананың спорт басқармасына басшы болып келді
Василий Левит. Боксшы. Сурет Астана қаласының әкімдігінен алынды
Василий Левит 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Василий Левит тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып. 

Айта кетейік, Василий Левит 1988 жылы Қостанай облысында туған.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Ол бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар