2026 жылы футзалдан Еуропа чемпионаты Литва мен Латвияда өтуі тиіс болатын. Алайда соңғы мәліметтерге сәйкес, турнирдің өткізілу орнына қатысты мәселе қайта қаралуы мүмкін, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған Беларусь құрамасының финалдық кезеңге жолдама алуы себеп болып отыр.
Литва мен Латвия билігі Беларусьтің турнирге қатысуына үзілді-кесілді қарсы. Олардың мұндай ұстанымына Беларусьтің Ресейдің әрекеттерін ашық қолдауы түрткі болған. Осыған байланысты УЕФА 21 мамырға жоспарланған жеребе тарту рәсімін кейінге шегеруі мүмкін деген ақпарат тарады.
Қазір УЕФА чемпионатты басқа елде өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бейресми деректерге сүйенсек, турнирді қабылдау құқығы Қазақстанға берілуі ықтимал. Себебі еліміз бұған дейін де халықаралық деңгейдегі бірқатар спорттық іс-шараларды сәтті ұйымдастырған, әрі тиісті инфрақұрылымға ие.
Аталған мәселеге қатысты ресми шешім жақын күндері жарияланады деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық семсерлесушілер БАӘ-де өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 желтоқсан, 2025
Қысқы Олимпиадаға дайындыққа 13,3 млрд теңге бөлінді — министрлік
- авторБақытжан Бекболат
- 30 желтоқсан, 2025






