Ол бұл лауазымда бизнесмен Тимур Құлыбаевтың орнын басты
Бүгін 2024 жылдың 26 ақпанында Ұлттық Олимпиада комитеті Бас Ассамблеясының отырысында атақты боксшы Геннадий Головкин комитеттің президенті болып сайланды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ұлттық Олимпиада комитетінің қысқы спорт түрлері жөніндегі вице-президенті лауазымына Асқар Мәмин ұсынылған. Сонымен қатар:
- Ұлттық Олимпиада комитетінің жазғы спорт түрлері жөніндегі вице-президенті лауазымына Данияр Әбілғазин;
- Ұлттық Олимпиада комитетінің паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту жөніндегі вице-президенті лауазымына Серік Сәпиев;
- Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы лауазымына Жанар Өтешова
- Олимпиада спорт түрлері жөніндегі Ұлттық федерацияның төрағасы лауазымына оншақты адамның, соның ішінде спортшы Дмитрий Баландин, Әлия Юсупова, кәсіпкер Болат Өтемұратовтардың кандидатуралары ұсынылған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024