дүйсенбі, 14 қазан, 2024 13:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында қарды дұрыс тазаламаған мердігерлерге айыппұл салынып жатыр

Жамбыл облысында қарды дұрыс тазаламаған мердігерлерге айыппұл салынып жатыр
Коллаж: Ернар Балғабай
Жыл басынан бері 30 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолданылған

2024 жылдың басынан бері Жамбыл облысында автомобиль жолдарын күтіп ұстамағаны үшін бас-аяғы 30 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, әкімшілік полиция қызметкерлері автомобиль жолдарын күнделікті тексеруден өткізеді. Бүгінгі таңда ең өзекті мәселе - көшелерді қардан тазарту және көктайғаққа қарсы материалдарды себу жұмыстары.

«Әкімшілік полицияның жол-техникалық инспекциясы Жамбыл облысының республикалық және жергілікті жолдарындағы жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктерді анықтады. Қар толық тазаланбағандықтан, үйінділер пайда болған, жол қатқан, көктайғаққа қарсы материалдар себілмеген. Сондықтан, жолаушылар мен көлік жүргізушілерге қауіп төнген», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, осы кемшіліктері үшін Байзақ, Талас және Меркі аудандарының мердігерлік мекемелеріне  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалған.

«Лауазымды тұлғаларға 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Жыл басынан бері қыс мезгілінде автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз жағдайда ұстағаны үшін барлығы 30 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды», - деді Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы полиция полковнигі Жайдарбек Құттыбаев.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар