дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 11:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды

Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды

Boxingnews24.com журналисі Дэн Эмброуздың жазуынша, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2021 жылдың мамыр айында Сауль Альвареспен жұдырықтасуға шығуы қарастырылып жатқан үш үміткердің бірі. Бұл – DAZN-мен екі жекпе-жек туралы келісім аясындағы айқас болып табылады.

«DAZN-мен екі жекпе-жек туралы келісім бойынша бірінші айқаста «Канело» WBA/WBC нұсқалары бойынша суперорта салмақта WBC желісі бойынша міндетті үміткер Авни Йылдырымға қарсы шығады. DAZN-мен келісімшарт аясында екінші жекпе-жек үшін «Канело» жұдырықтасуға шығатын үш қарсылас бар: Билли Джо Сондерс, Калеб Плант, Геннадий Головкин», - деп жазады автор.

Еске сала кетсек, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес өзі кіммен жекпе-жекке шығуды қалайтыны туралы жауап берген. Боксшы өзіне ұсынылған қарсыластар – Головкин және Мейвезердің арасынан екіншісін таңдады.

Геннадий Головкин 19 желтоқсанда Голливудта жекпе-жек өткізді. Онда қазақстандық боксшы Польша спортшысы Камил Шереметаны жеңіп, орта салмақта титулдық белдікті қорғау саны жағынан рекорд орнатты.

inform.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар