жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Головкин Назым Қызайбайды қола жүлдесімен құттықтады

Головкин Назым Қызайбайды қола жүлдесімен құттықтады
Тұрар Қазанғапов
Ол жазбасын желіде жариялады

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақ боксшысы Назым Қызайбайды марапаттау рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 

Ол бұл туралы жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

 

«Назымды Олимпиада жүлдесімен құттықтаймын. Марапаттау рәсіміне қатысып, өзіңді арнайы құттықтағаныма қуаныштымын», - деп жазды Головкин.

 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы Назым Қызайбай 50 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынды еншіледі. Ол үшін Париждегі ойындар оның мансабындағы бірінші Олимпиада болды.

Марапаттау рәсімінен кейін Головкин оны қола медаль жеңіп алуымен құттықтады. Ол Қызайбайдың дебюттік Олимпиадаға қатысқанына қарамастан, «әлемдегі ең мықты спортшылардың бірі» екенін тағы бір мәрте дәлелдей алғанын атап өтті.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар