бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 22:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Головкиннің кезекті жекпе-жегі қашан болатындығы талқыланып жатыр

Головкиннің кезекті жекпе-жегі қашан болатындығы талқыланып жатыр
ашық дереккөзі
Головкиннің кезекті жекпе-жегі қашан болатындығы талқыланып жатыр

Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 KO) мен бірінші орта дивизиондағы WBO титулының бұрынғы иегері Хайме Мунгия (36-0, 29 KO) арасындағы жекпе-жек өткізу мәселесі талқыланып жатыр.

Тараптар жекпе-жекті 2021 жылдың мамыр айында – Мексикада 5 мамырда тойланатын Синко де Майо мерекесіне орай демалыс күндері өткізуді қарастыруда.

Бұған дейін Golden Boy компаниясынан Мунгияның бірлескен промоутері Эрик Гомес мұндай жекпе-жекке ашық қызығушылық білдірген болатын.

Еске сала кетсек, GGG соңғы жекпе-жегін 19 желтоқсанда Голливудта, Флоридада өткізген еді. Головкин қарсыласы Шереметаны мерзімінен бұрын жеңіп, өзінің салмақ дәрежесінде рекордтық 21-ші рет әлем чемпионы титулын қорғап шықты. Бүгінде қазақстандық боксшының IBF және IBO титулдары бойынша белдіктері бар.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/golovkinnin-kezekti-zhekpe-zhegi-kashan-bolatyndygy-talkylanyp-zhatyr_a3734023

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар