Илья Ильин тағы бір қызметке тағайындалды
Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тағы бір лауазымға тағайындалды. Ол қазақстандық спортшылар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқарады.
Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында айтты.
"Мен Қызылорда облысының қазақстандық спортшылар одағының филиалын басқаратын болдым. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелді. Алда менің туған аймағымда спортты дамыту бойынша маңызды жоспарлар тұр. Мен болашаққа биік мақсат қоямын және оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз", деп жазды ол.
Айта кетейік, 31 жастағы Ильин 2005, 2006, 2011 және 2014 жылдары әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. 2016 жылы ол допинг сынамаларын қайта тексергеннен кейін 2008 және 2012 олимпиадаларында алтын медальдардан айырылып, екі жылға спорттан шеттетілген еді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Дене шынықтыру "екінші сұрыпты" пән емес
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Спорт
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024