Спорт
«Каспий» футбол клубына бөлінген 27 млн теңге жымқырылғаны белгілі болды
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2024
- 1.2k
Бұл қаржыны клубтың бұрынғы басшысы сыбайластарымен бөлісіп алған
Маңғыстау облысының прокуратурасымен «Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Деректерге сүйенсек, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлеген.
- Сонымен қатар соңғыдан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген. 3.12.2024 ж. футбол клубының экс-басшысын, «К» және «О» азаматтарын қамауға алуға санкция берілді. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстан V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025






