дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 12:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Криштиану Роналду ХХІ ғасырдың үздік футболшысы атанды

Криштиану Роналду ХХІ ғасырдың үздік футболшысы атанды
ашық дереккөзі
Криштиану Роналду ХХІ ғасырдың үздік футболшысы атанды
Футболдағы жетістіктер үшін берілетін «Globe Soccer Awards» сыйлығының иегерлері анықталды. Салтанатты марапаттау рәсімі 27 желтоқсан күні Дубайда өтті.
«ХХІ ғасырдың үздік бапкері» номинациясында (2001-2020 жылдар аралығында) «Манчестер Сити»-дің тізгінін ұстаған Пеп Гвардиола жеңіске жетті. Бұл сыйлыққа үміткерлер қатарында Зинедин Зидан («Реал»), Жозе Моуринью («Тоттенхэм») және Алекс Фергюсон («Манчестер Юнайтед»-тің бұрынғы бапкері) болды.

«2020 жылдың үздік бапкері» атағы «Бавария»-мен жұмыс істейтін Ханс-Дитер Фликке берілді. Ол «Ливерпуль»-дан Юрген Клоппты және «Аталанты»-дан Джан Пьеро Гасперинді артта қалдырды.

«ХХІ ғасырдың үздік ойыншысы» номинациясында «Ювентус» клубының 35 жастағы мүшесі Криштиану Роналду алды. Онымен бірге бақталасқа түскен – Месси, Мохамед Салах және Роналдиньо.

К.Роналду сондай-ақ «2020 жылдың үздік ойыншысы» атағын алуы керек еді. Себебі ол дауыс беру нәтижесі бойынша Роберт Левандовский мен Лионель Мессиді басып озған. Алайда, қазылар алқасы сыйлықты «Баварияның» шабуылшысы Р. Левандовскийге беруді шешті.

    inform.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар