дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 4:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Әлем чемпионаты Минскіде өтпейді

Әлем чемпионаты Минскіде өтпейді
ашық дереккөзі
Әлем чемпионаты Минскіде өтпейді

Шайбалы хоккейден биылға жос­парланған әлем чемпионаты қауіп­сіздікке байланысты мәселе туын­дауына орай деген желеумен Бела­­русь астанасы – Минскіде ұйымдас­тырылмайтын болды.

Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) мәліметі бойынша, аталған ұйым Беларусьтегі қазіргі жағдай ресми ұйым өкіл­деріне, құрамаларға және жанкүйерлерге қауіпті деп есептеп, әлем чемпионатын өт­кізу құқынан айырған. Алдын ала жоспар бойынша жаһандық дода 2021 жылдың 21 мамыры мен  6 маусымы аралығында Латвия мен Беларусьте өтуі керек болатын. Енді IIHF әлем біріншілігін тек Латвияда ғана өткізу мәселесін талқылап жатыр. Ал бұған дейін Рига жарысты өз бетімен өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

2019 жылы жоғары дивизионға оралған Қазақстан құрамасы биылғы әлем чемпионатында бақ сынайды. Жерлестеріміз Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия, Италия құрамаларымен В тобында сынға түседі.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар