сенбі, 4 мамыр, 2024 1:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Лицензиялық турнирдің келесі кезеңіне Асланбек Шымбергенов пен Айбек Оралбай өтті

Лицензиялық турнирдің келесі кезеңіне Асланбек Шымбергенов пен Айбек Оралбай өтті
Айбек Оралбай. Фото - olympic.kz
Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапталатын турнирде ерлер арасында Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Асланбек Шымбергенов, Айбек Оралбай өнер көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

63,5 келі салмақта сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы болгариялық Радослав Росеновпен жолыққан болатын.

Төрешілер бірінші раундта жеңісті қазақстандық спортшыға бергенімен, екінші раундта болгариялық боксшы басым деп түсті. Ал үшінші раундта жекпе-жек Росеновтың қабағы жарылғанына байланысты тоқтатылды. Ереже бойынша, сол мезетте алда тұрған боксшы жеңімпаз деп танылады.

Команда капитаны Асланбек Шымбергенов келесі айналымға өтті. 71 келіде сынға түсетін Асланбек польшалық Дамиан Дуркачтан басым түсті. Ол үш раунд қорытындысы бойынша жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. 92 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Айбек Оралбай екінші жекпе-жегінде Оңтүстік Корея өкілі Юнг Ха Ныльдан басым түсті. Ол қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберген. Осылайша, Айбек Оралбай үшінші кезеңге өтті.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар