Ұлттық мектеп лигасы: Баскетболдан үздіктер анықталды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 мамыр, 2025
- 882
Жоғары деңгейде өткен бұл жарыс Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды. Елдің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар ел намысын қорғап, шеберліктерін ортаға салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақтық кезең — мыңдаған мектеп пен миллиондаған оқушыны біріктірген республикалық жобаның биік белесіне айналды.

Жарыс қорытындысы бойынша Түркістан облысындағы Далабазар мектебінің оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді. Жамбыл облысының №24 мектеп-гимназиясы күміс жүлдені иеленсе, Астана қаласындағы №62 мектеп-лицейінің командасы қола жүлдеге қол жеткізді.
Марапаттау рәсіміне Қазақстан ҰОК-нің Бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты.
"Халықаралық Олимпиада күні қарсаңында Ұлттық мектеп лигасын өткізу - ерекше мәнге ие. Бұл жай ғана спорттық жарыс емес, бұл – өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында олимпиадалық қозғалыстың негізі болып саналатын құндылықтарды: үздіксіз даму, өзара құрмет пен әділдікті – қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Біз мұндай бастамалар арқылы дені сау әрі белсенді қоғамның берік іргетасын қалау мүмкін екеніне сенімдіміз", - деді Әлімжан Ақаев.
Айта кетейік, 2025 жылы Ұлттық мектеп лигасы 23 маусымда атап өтілетін Халықаралық Олимпиада күніне арналған іс-шаралар аясында өтіп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық семсерлесушілер БАӘ-де өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 желтоқсан, 2025
Қысқы Олимпиадаға дайындыққа 13,3 млрд теңге бөлінді — министрлік
- авторБақытжан Бекболат
- 30 желтоқсан, 2025






