сенбі, 20 сәуір, 2024 19:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Мбаппе "ПСЖ"-дан кете ме?

Мбаппе "ПСЖ"-дан кете ме?
ашық дереккөзі
Мбаппе "ПСЖ"-дан кете ме?
Париждің "Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе келесі жылы француз клубынан кетуі мүмкін.  
Мбаппе "ПСЖ" басшылығына келесі жазда клубтан кеткісі келетіні жайында хабарлаған. Аталған клуб футболшының трансферінен 325 миллион еуро пайда көрмек.  Алайда бұл ең мықты футбол клубтары үшін де тым үлкен сомма болып отыр. Айта кетейік, 2022 жылы Мбаппе мүлде еркін агент ретінде кете алады. Мадридтік "Реал" ол үшін 100 миллион еуро ғана беруге дайын. Қазіргі кезде ол әлемдегі ең құнды футболшылар көшін бастап тұр. Жыл басында CIES Football Observatory зерттеу орталығы әлемдегі ең қымбат футболшылардың жаңартылған рейтингін жариялаған болатын. Онда К.Мбаппе 265,2 миллион еуроға бағаланып, тізімде бірінші болған еді. Ал Transfermarkt футболшының қазіргі құнын 180 миллион еуро деп отыр. 21 жастағы ойыншы "ПСЖ" сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Ол "Монако" командасынан 180 миллион еуроға ауысқан.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар