жұма, 29 наурыз, 2024 17:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Месси Пеледен озды

Месси Пеледен озды
ашық дереккөзі
Месси Пеледен озды
Кеше футболдан Испания Ла Лигасы­ның 15-турында «Барселона» сырт алаңда «Вальядолидті» 3:0 есебімен ойсырата ұтып, қажетті үш ұпайды өз қоржынына салды.
Осы матчтың 65-минутында мергендік танытқан Лионель Месси тағы бір рекорд­тық көрсеткішке қол жеткізді. Оның есімі бір ғана команда сапында ең көп гол соққан ойыншы ретінде тарихта қалды. Нақтылап айтсақ, 2003 жылдан бері «Барселонаның» намысын қорғап жүрген 33 жастағы аргентиналық шабуылшы сол уақыт аралығында қарсыластар қақпасын 644 рет дәл көздеген екен. Ал бұған дейінгі рекорд даңқты Пелеге тиесілі еді. 1956-1974 жылдар аралығында Бразилияның А сериясында «Сантостың» сапында ойнаған футбол королі 643 голдың авторы атанған еді.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар