Олимпиадаға қатыспаған Рыбакина қазақстандықтардан кешірім сұрады
- авторМағжан Орынбасар
- 31 шілде, 2024
- 352
Париж Олимпиадасына денсаулығының жарамауына байланысты қатыса алмаған Елена Рыбакина қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Елена Рыбакина Олимпиада ойындарында жеке және жұптық сайыстарда өнер көрсетуі керек болған. Алайда денсаулығының сыр беруі жарыс жолын шектеген. Қазақстаның бірінші ракеткасы төртжылдықтың басты бәсекесіне қатыспағанына өкініш білдіріп, жанкүйерлерден кешірім сұрады.
“Құрметті жанкүйерлер, Отандастарым! Сіздерге Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсете алмағаныма өзімнің қаншалықты ренжігенімді және өкінетінімді айтып хабарлаймын. Мен командамен бірге белсенді дайындалдым. Өкінішке қарай, дәл жарыс басталар алдында сырқаттанып қалдым. Дене қызуым қатты көтеріліп, тыныс алуым да қиындады. Дәрігерлер маған кортқа шығуға қатаң тыйым салды. Барлық қазақстандық жанкүйерлерден ақталмаған үміттеріңіз үшін кешірім сұрағым келеді. Бұл жағдай жүрегіме өте қатты тиді, өйткені мен өз командаммен осы Олимпиада ойындарында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін көп жұмыс істедім және медаль жеңгім келді. Токиода өткен Олимпиадада мен медаль алуға өте жақын болдым және медаль алу менің үлкен мақсатым болып қала берді. Мен жақын арада кортқа шыға аламын деп үміттенемін. Барлық отандастарыма алғысымды жеткізгім келеді, өйткені әлемнің қай түкпірінде ойнасам да, сіздер маған әрқашан айтарлықтай қолдау көрсетесіздер. Стадиондарда көк байрағымызды көріп әрқашан қуанамын. Көп рахмет және кортқа жақын арада ораламын деп үміттенемін»,- деді ол желідегі үндеуінде.
Ұқсас жаңалықтар
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024
Президент гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024