жұма, 20 қыркүйек, 2024 2:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері  Ғұсман Қырғызбаевқа темір тұлпар сыйлады

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері  Ғұсман Қырғызбаевқа темір тұлпар сыйлады
Фото - ашық дереккөзден
Спортшыны отандастары әуежайдан күтіп алды

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері  Ғұсман Қырғызбаевқа дзюдо федерациясы көлік сыйлады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев барша қазақ еліне алғысын білдірді.

 

- Маған қолдау білдірген Қазақ еліне алғысымды айтамын. Мен Олимпиадаға аға лейтенат болып барып, капитан шенінде оралдым. Жарысқа әрбір спортшы алтын аламын деп шығады. Мен барымды салдым. Күтпеген жерден қола медальға ие болдық. Негізінде финалға жолдама алатын кезде бразилиялық балуанды жеңемін деп отырған едім. Қолаға да қанағат деп отырмыз. Алдағы уақытта спортпен айналысып, жаттығуларымды жалғастырамын. Додаларға қатысып, жарыстарда көріну ойда бар. Жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын,- деді дзюдошы.

 

Спортшы Олимпиадаға аға лейтенат болып барып, капитан болып қайтқан.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар