Садриддин Ахмедов сенсациялық жекпе-жектен кейін пікір білдірді
- авторБақытжан Бекболат
- 20 сәуір, 2025
- 640

Ахмедовтің айтуынша, жекпе-жек өте қиын өткен. Ол тіпті кездесудің орта тұсында ауыр жарақат алыпты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
«Жекпе-жек оңай болған жоқ. Бесінші не алтыншы раундта қолымды сындырып алдым. Нақты не болғанын білмеймін. Бірақ бұл – бокс, ондай сәттер болып тұрады. Эспадас мықты қарсылас екен. Біз міндетті түрде қайта кездесеміз деп ойлаймын. Бұл жолғы жекпе-жек үшін кешірім сұраймын», – деді Ахмедов.
Төрешілердің шешіміне байланысты да пікір білдіріп, әділдікке сенетінін айтты:
«Төрешілердің өз шешімі бар. Бірақ жарақат алғаныма қарамастан, бұл мен үшін жақсы жекпе-жек болды деп есептеймін».
Реванш мәселесіне келсек, Садриддин бұл кездесудің жалғасы болатынына сенімді:
«Иә, қайта жұдырықтасамыз деп ойлаймын», – деді ол.
Сөз соңында Ахмедов өзіне жанкүйер болып, қолдау білдірген барша көрерменге алғыс айтты.