сенбі, 6 желтоқсан, 2025 1:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сингапурде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандықтар жарыс жолына шықты

Сингапурде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандықтар жарыс жолына шықты
olympic.kz
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

11 шілдеден бастап су спорты бойынша әлем чемпионаты Сингапурда өтіп жатыр. Бұл жарысқа Олимпиада жеңімпаздары мен құрлықтық біріншіліктердің жүлдегерлері жиналды. Аталмыш додаға Қазақстандық спортшыларда қатысып, өнер көрсетуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Биылғы чемпионатта ел спортшылары төрт бағдарламада өнер көрсетіп жатыр. Олар — ашық суда жүзу, әртістік жүзу, классикалық жүзу және суға секіру. Жалпы есеппен 77 медаль сарапқа салынады. Оның 42-сі жүзу бәсекелерінде ойнатылады.

Жүзу мен әртістік жүзу жарыстары "Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты аренасында" өтсе, су добынан және суға секіруден жарыстар OCBC спорт кешенінде ұйымдастырылып жатыр. Ашық суда жүзу мен хай-дайвинг сайыстары Сентоса аралында өтеді.

Ашық суда жүзу

Қазақстан сапынан алғашқы болып жарыс жолына ашық суда жүзушілер шықты. Бұл сында алты спортшы ел намысын қорғап жатыр. Олар — Айжан Айнабекова, Ғалымжан Балабек, Лев Черепанов, Мария Федотова, Дарья Пушко және Саида Елемес.

5 шақырымдық қашықтықта әйелдер арасында Саида Елемес пен Айжан Айнабекова, ерлер арасында Ғалымжан Балабек пен Лев Черепанов сынға түседі. 10 шақырымға жүзуде Дарья Пушко мен Мария Федотова жарысқа қатысса, ерлерден Лев Черепанов жүлде үшін күреседі.

Сондай-ақ 3 шақырымға жүзуде Черепанов пен Балабек, Федотова мен Пушко ел намысын қорғайды. Бұдан бөлек Қазақстан құрамасы 4х1500 метрлік аралас эстафетаға да қатысып жатыр.

Ашық суда жүзуден 2024 жылғы Азия чемпионатында Лев Черепанов қола медаль алған болатын. Ол бұл жолы да 10 шақырымдық сайыста жоғары нәтиже көрсетуге талпынып жатыр.

Әртістік жүзу

18 мен 25 шілде аралығында өтетін бұл бағдарламада Қазақстанның негізгі құрамы жарысқа қатысуда. Құрамда Наргиза Болатова, Эдуард Ким, Даяна Джаманчалова, Әйгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова және тағы оннан аса спортшы бар.

Соңғы жылдары қазақстандық спортшылар бұл бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. 2023 жылы Эдуард Ким әлем чемпионатында жекелей сында қола медаль еншілесе, 2024 жылы Ким мен Болатова жұбы әлемдік жарыста алтын жүлдені жеңіп алған. Сонымен қатар биылғы Әлем кубогының кезеңдері қорытындысы бойынша Қазақстан үздік үштіктен көрінді.

Классикалық жүзу

Жүзуден жарыстар 27 шілдеде басталады. Қазақстан атынан алты спортшы қатысады. Олардың қатарында Әділбек Мусин, Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, Софья Сподаренко, Арсен Қожахметов және Глеб Коваленя бар.

Әділбек Мусин Францияда өткен халықаралық турнирде 50 және 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде екі күміс медаль иеленіп, Қазақстан рекордын жаңартқан. Ол қазіргі таңда жүзуден ұлттық құраманың басты үміттерінің бірі саналады.

Бұл жарыста Пан Жанлэ (Қытай), Давид Попович (Румыния), Бобби Финк (АҚШ), Климент Колесников (Ресей) секілді әлемдік деңгейдегі жұлдыздар да сынға түседі.

Суға секіру

26 шілдеден бастап Назар Қожанов ел намысын қорғайды. Ол 1 және 3 метрлік трамплиннен суға секіруден жарысқа қатысады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар