«Спорт қалай дамиды?». Шенеуніктер спортшылардың дайындығына бөлінген қаржыны қалтаға басқан
- авторМағжан Орынбасар
- 11 шілде, 2024
- 562
"Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы" мекемесінде бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған. Іс жүзінде жиындар өткізілмеді, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырды. Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады.
- Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды, делінген ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024
Президент гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024