сейсенбі, 16 шілде, 2024 4:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нұрлан имам әлеуметтік желі арқылы 2 мың доллар табыс тапқанынан бейхабар болған

Нұрлан имам әлеуметтік желі арқылы 2 мың доллар табыс тапқанынан бейхабар болған
Сурет ашық дерекөзден алынды
Имам желіде жиналған ақшасына қажылыққа жолдама алып, оқырманына сыйлағысы келеді

Танымал мобилограф Қыран Талапбек Нұрлан имамның әлеуметтік желідегі парақшасынан видео жолдады, –  деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

- «Сәлем, достар. Қазір Нұрлан имаммен бірге отырмын. Бұл кісілер Tiktok желісі тікелей эфирде көрермендері берген сыйлық үшін ақша алуға болатынын білмепті. Қарасам, теңгерімінде 2 мың АҚШ доллары бар ғой», - дейді Қыран Талапбек. 

«Осыны оқырмандарымның арасында Меккеге, Ұмраға қажылыққа жолдама ретінде менімен бірге баруға сыйлаймын», - деп жазды имам.

Блогер дін өкілінің Tiktok  парақшасының теңгерімін тексеріп отырып, шотта біршама қаражат тұрғанын қуана хабарлайды . Нұрлан имам болса, мұндай табыс туралы мүлде білмегенін жеткізді. Алдағы уақытта Нұрлан имам бұл қаражатты қайырымдылыққа жұмсамақ.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар