Спорт
Спорттық гимнасшылар әлем кубогында төрт жүлде жеңіп алды
- авторjambylinfo.kz
- 5 қазан, 2020
- 335
Спорттық гимнасшылар әлем кубогында төрт жүлде жеңіп алды
Мажарстанның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогы аяқталды. Бұл доданы Қазақстанның ұлттық құрамасы бір алтын және үш күміс медальмен қорытындылады.
Жарыстың алғашқы күні Нариман Құрбанов "атта" алтын және Ілияс Әзизов еркін жаттығуда күміс медальді иеленгені жайында біз бұған дейін де баяндағанбыз. Келесі күні қоржынымыз тағы да қос жүлдемен толықты. Талай байрақты бәсекеде жүлде алып жүрген сақа спортшы Милад Карими "брусья" мен "керме" жаттығуларының нәтижесі бойынша екінші орынды еншіледі.
"Әлем кубогында 14 мемлекеттің өкілдері бақ сынады. Азия құрлығынан Қазақстан ғана қатысты. Мажарстанға біз небары үш спортшы ғана апарғанымызға қарамастан, төрт жүлдеге иелік еттік. Бұл өте жақсы нәтиже", дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Ким.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Спорт
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024