Индонезия джунглиінде көзі көк тайпа тұратыны анықталды
Индонезияның Бутон аралында көгілдір және көк көз тайпа тұратыны анықталды, - деп хабарлайды Medialeaks.
Дереккөз мәліметінше, ерекші келбетті адамдарды индонезиялық геолог Корчина Пасарибу тапқан екен.
Геолог 2019 жылдан бері Индонезияның ауылдық жерлеріндегі өмірге қызығушылық танытқан. Сосын ол тайпалар мен мәдени мұраларға ерекше назар аудара бастады.
Ер адам осы жылдың 17 қыркүйегінде Бутон аралына барып, ондағы жергілікті тұрғындарды суретке түсірген.
"Көк көзділер - ерекше және әдемі. Олар маған шабыт берді. Көк - менің ең сүйікті түсім", - дейді Корчина Пасарибу.Оның айтуынша, Бутон аралының тұрғындары суретке түсуден бас тартпаған, керісінше қуана қарсы алған. Мамандардың сөзіне қарағанда, көздің мұндай түсі сирек кездесетін генетикалық ауру салдарынан пайда болды. Оны Ваарденбург синдромы деп атайды екен. Мұндай ауруға шалдыққан адамның бет терісінің түсі, шашы, көзі өзгеріп, есту қабілетінен айырылатыны айтылады. tengrinews
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Әлемде
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024