Коронавирус инфекциясының күшеюіне байланысты футболдан Қазақстан чемпионаты мәжбүрлі түрде үзіліс алып, қайта жалғасқан еді. Сол себепті қарашаның ортасында бітіп қоятын біріншілік ойындары 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Ал "Тараз" футбол клубының негізгі құрам ойыншыларының биылғы біріншілікке арналған келісім шарттары 20 қараша күні аяқталды. Клуб басшылығы команданың бапкерлік құрамымен, легионерлер және қазақстандық ойыншылармен келісімге келіп, чемпионатты соңына дейін жалақысыз ойнауға ымыраласты. Клуб басшысы Талғат Тұрлыбайұлы түсіністік танытып, келіскен бапкерлер мен ойыншыларға ризашылығын жеткізді. Келісім шарттың кеше аяқталғанына қарамастан, бүгін команда талдықорғандық "Жетісумен" жасыл алаңда кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Кәмшат ҚАДЫРjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жамбылда жәрмеңке жалғасуда
Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024