Спорт
«Тараз» командасы волейболдан Қазақстан чемпионы атанды
- авторИндира Тәліпқызы
- 1 сәуір, 2024
- 1.1k

Павлодарда волейболдан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жерлестеріміз «Павлодар» командасын 3:1 есебімен жеңіп, ел чемпионы атанды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Павлодар» командасы өз алаңында «Тараз» волейбол клубымен финалда үшінші кездесуін өткізді. Бұған дейін қос клуб чемпиондық үшін өткен ойында бір-бірден жеңіске жеткен еді – 1:1.
Бірақ «Тараз» командасы ақтық сайыста жоғары деңгейде ойнап, «Павлодарды» өз алаңында 3:1 есебімен жеңді. Чемпионат қорытындысы бойынша «Павлодар» күміс жүлдені иеленсе, СҚО намысын қорғаған «Есіл» командасы қола медальді қағанат тұтты. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер, үздік ойыншылар тиісінше марапатталды.
Келесі мақала
Тоқаев Наталья Годунованы қызметінен босатты
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Теннисші Дмитрий Попко Мексикадағы турнирде жеңіске жетті
- авторМағжан Орынбасар
- 31 наурыз, 2025