жексенбі, 27 шілде, 2025 1:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Теннисші Анна Данилина әлемдік рейтингіде 8 - орынға жоғарылады

Теннисші Анна Данилина әлемдік рейтингіде 8 - орынға жоғарылады
Фото: ҚТФ
Ал, Зарина Дияс 274-тен бірден 246-ға жоғарыласа, Жібек Құламбаева 306-да қалды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 11-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 34-тен 33-ке көтерілді.

Зарина Дияс 274-тен бірден 246-ға жоғарыласа, Жібек Құламбаева 306-да қалды.

Әлемдік рейтингіде беларустық Арина Соболенко бұрынғыша көш бастаса, америкалықтар Кори Гауфф пен Джессика Пегула екінші, үшінші сатыда тұр.

Өткен аптада Истбурн WTA 250 турнирінде үздік шыққан Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 9-дан 8-ге шықты. Бұл оның спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші болып есептеледі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар