сенбі, 26 шілде, 2025 14:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

World Boxing Cup: Нұрбек Оралбай жартылай финалда

World Boxing Cup: Нұрбек Оралбай жартылай финалда
Ұлттық Олимпиада комитеті
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Астанада өтіп жатқан бокстан World Boxing Cup жарысының кезекті кезеңінде отандасымыз Нұрбек Оралбай жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

80 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Нұрбектің қарсыласы — үндістандық Лакшия Чахар — жекпе-жекке шығудан бас тартуына байланысты, жеңіс қазақстандық боксшының еншісіне жазылды. Осылайша Нұрбек Оралбай келесі кезеңге автоматты түрде өтті.

Алдағы жартылай финалда Нұрбек әлемнің мықты боксшыларының бірімен күш сынасады деп күтілуде. Бұл – оның финал жолындағы маңызды қадамы.

Айта кетейік, World Boxing Cup жарысы Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр және жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар қатысуда.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар