Юлия Путинцева Аделаида турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады
- авторМағжан Орынбасар
- 10 қаңтар, 2026
- 71
Қазақстанның екінші, әлемнің 74-ракеткасы Юлия Путинцева Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қазақстандық теннисші іріктеудің жартылай финалында дүниежүзілік рейтингіде 1477-орында тұрған аустралиялық Тори Расселмен кездесті.
Путинцева жергілікті спортшы тарапынан пәлендей қарсылық көрген жоқ. Матч 6:4, 6:1 есебімен аяқталды.
Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсекеде Путинцева 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Рассел 1 эйс, 4 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.
Юлия Путинцева іріктеу сайысының финалында әлемнің 46-ракеткасы, чехиялық Мари Боузкова немесе рейтингіде 467-сатыдағы сербиялық Александра Круничтің қай жеңгенімен шеберлік байқасады.
Өткен жылы осы жарыста Ю.Путинцева жартылай финалға дейін жеткен болатын. Сонда алған рейтингілік ұпайын қорғау үшін биыл барынша сәтті өнер көрсетуі керек.
Қазірдің өзінде қазақстандық теннисші WTA Live рейтингісінде 105-орынға сырғып кетіп тұр.






