Үздіктер қатарына қосылды
Велоспорттан «Астана» велокомандасының капитаны Якоб Фульсанг Италия тас жолдарында өтіп жатқан «Джиро д ‘Италия» веложарысы үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша жалпы есепте үздік ТОП-10 велоспортшының қатарына қосылды.
150 шақырымға созылған үшінші кезеңде Фульсанг мәре сызығын бесінші кесіп, үшінші жарыс күнінің жеңімпазы атанған Хонатан Кайседодан (EF Pro Cycling) 51 секундқа қалып қойды. Осы нәтижесінен кейін даниялық велошабандоз үздік 10 спортшының қатарына қосылып, жалпы есепте тоғызыншы орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Италияда басталған велокөпкүндік қазақстандық команда үшін сәтті бастала қойған жоқ. Бірінші кезеңде жуырда ғана Францияда мәресіне жеткен «Тур де Франс» жарысында тәуір нәтиже көрсеткен Мигель Анхель Лопес жарақат алып, турнирден шығып қалды. Содан кейін асқазан жарасына байланысты «Астананың» ресейлік велошабандозы Александр Власов та жарысты соңына дейін жалғастыра алмады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Бүгін «Барыс» командасы «Салават Юлаев» командасымен кездеседі
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қараша, 2024