Спорт
Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
- авторМағжан Орынбасар
- 31 қазан, 2024
- 248
Ол осылайша 3-ші рет әлем біріншілігінде жүлделі болды
Тиранада (Албания) әйелдер күресінен олимпиадалық емес салмақтарда өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Осыған дейін әлем біріншілігінде екі күміс, бір қола медаль алған Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта соңғы бәсекеде жапониялық Ами Ишимен белдесті.
Жапониялық балуан да Азияда үздік шығып қана қоймай, екі жыл бұрын әлем чемпионатында күміс алып үлгерген.
Бірінші кезеңде Ами Иши 2:0 есебімен алда тұрды. Екінші кезеңде Жәмила 4:2 есебімен алға шыққанымен, сол басымдылықты ұстап тұра алмады. Қорытынды есеп – 6:8.
Осылайша, бұл әлем біріншілігінде үш бірдей жапониялық балуан чемпион атанды. Жәмила Бақбергеноваға тағы бір күміс медаль бұйырды.
Келесі мақала
Мектеп есепшісі 238 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Бүгін «Барыс» командасы «Салават Юлаев» командасымен кездеседі
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қараша, 2024
Спорт
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024