дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 10:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» жаңа стильмен бокстасуға шақырды

Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» жаңа стильмен бокстасуға шақырды
ашық дереккөзі
Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» жаңа стильмен бокстасуға шақырды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Сауль «Канело» Альваресті тағы да жекпе-жекке шақырды.

Өз твиттерінде қазақстандық боксшы «Канелоны» еш қиналмай жеңетіні туралы айтты.

«Егер сіз Канелоны ешкім жеңе алмайды деп ойласаңыз, онда сіз қатты қателесесіз. Мен оны оп-оңай жеңе аламын. 2021 жылды QAZAQ style vs MEXICAN STYLE жасайық», – деді Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы «Әлемге жаңа чемпион, жаңадан көретін боксшы керек!» деп мәлімдеме жасаған еді. Ол орташа дивизиондағы басқа чемпиондар Джермалл Чарло, Сауль «Канело» Альварес жәнен Деметриус Андрадеге бірнеше рет үндеу жіберген.

Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO Global чемпионы. Соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізген. Ол кезде аргентиналық боксшы Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутқа түсірді.

 

inform.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар