Жекпе-жектен бас тартты

31

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ба­тыр Жүкембаев (18-0, 14 KO) өзбек­­стандық былғары қолғап шебері Шох­жахон Эргашевпен (18-0, 16 KO) жұ­дырықтасудан бас тартқан. Бұл туралы Канаданың Journaldemontreal.com сайты мәлімдеді.

Басылымның жазуынша, Жүкембаевтың промоутері Камил Эстефан боксшының бапкеріне келісімшарт ұсынғанда жаттық­тырушы ұсынысты қуана қабылдаған. Тіпті ол бұл айқаста Батыр Жүкембаевтың жеңіс­ке жететініне сенімді болған. Алайда қазақстандық боксшы Эргашевпен кездескісі келмеген.

Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін осы жылдың қаңтар айында Монреалда (Канада) өткізіп, мекси­калық боксшы Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) екін­ші раундта нокаутпен жеңген еді.

egemen.kz