жұма, 22 қараша, 2024 23:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Көрсеткіштер көңіл көншітеді

Көрсеткіштер көңіл көншітеді
ашық дереккөзі
Көрсеткіштер көңіл көншітеді

Ата Заң бойынша біздің еліміз – әлеуметтік мемлекет. Еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа, экономиканы дамытуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталатыны да содан. Мемлекет мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, көмектесіп, қолдау білдіріп жатыр. Әлеуметтік көмекке бюджеттен бөлінетін қаражаттың көлемі қомақты. Біздің ауданда да жергілікті тұрғындарға тиесілі әлеуметтік көмек түрлері беріліп жатқаны белгілі. Осы орайда біз бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылғанын білмек мақсатта аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Келесовпен аз-кем сұхбаттасып, үстіміздегі жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың жай-жапсарынан хабардар болдық. – Еркін Егембердіұлы, 9 айдың қорытындысына тоқталсаңыз. – Ағымдағы жылдың 9 айына жоспар бойынша 99802660 теңге қаралып, қаражат толығымен игерілді. – Мұқтаж жандарға берілген әлеуметтік жәрдемақылар жайлы айтсаңыз? – Әлеуметтік жәрдемақыларға 1037784,0 мың теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 1273791,0 мың теңге, тұрғын үй жәрдемақысына 1400,0 мың теңге, мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекке 41197,0 мың теңге, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 5131,0 мың теңге, ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын алуға 35021,0 мың теңге бөлінді. – Әлеуметтік жәрдемақы­ларды игеру туралы не дейсіз? – Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша 1053 отбасының 5970 мүшесіне 358018,7 мың теңге, тұрғын үй көмегі бойынша 102 отбасындағы 481 адамға 1377,0 мың теңге тағайындалып, 1192,0 мың теңгесі төленді. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына жататын 490 адамға 36524,0 мың теңге, ауылдық жерде тұратын 1787 әлеуметтік сала маманына отын алуға 19859,0 мың теңге төленді. – Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде мұқтаж азаматтарға қандай көмек көрсетілді? – Төтенше жағдайға байланысты 6548 адамға 151186,0 мың теңге (наурыз, сәуір, мамыр, шілде, тамыз айларына) азық-түлік топтамасы ретінде ақшалай көмек берілді. – Мүгедектерді әлеу­меттік қолдау, олардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша қандай жұмыстар атқарылуда? – Аудан бойынша 2638 мүгедек тіркелген. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне 82806,0 мың теңге қаражат бөлініп, 320 адам міндетті гигиеналық құралдармен, 97 адам компенсаторлық құралдармен қамтылды. Ымдау тілі мамандарының қызметіне, ымдау тілі маманын қажет ететін 12 мүмкіндігі шектеулі азаматқа 5542,0 мың теңге бөлініп, 3171,6 мың теңге игерілді. Жеке көмекшілердің қызметін көрсету бойынша жеке көмекшілердің қызметін қажет ететін 167 мүмкіндігі шектеулі жанға 26532,0 мың теңге бөлініп, 16168,5 мың теңгесі игерілді. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 116 отбасындағы 122 балаға 2950,0 мың теңге төленді. Сондай-ақ, биылға жергілікті бюджеттен қаржы­ландырылатын 6 нысанға 3 млн 620 мың теңгеге бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспар­ланған. Бейімдеу жұмыстары жоспарға сәйкес орындалуда.

– Әңгімеңізге рақмет.

 

Сұхбаттасқан Ильяс Қалыбеков.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар