сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 1:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Бүркітті ырғаққа отырғызу
ашық дереккөзі
Бүркітті ырғаққа отырғызу
Түз тағысы бүркітті қолға түсіріп, оны өзіне құлақкесті бағын­дырып, онымен де қоймай алпыс екі айлалы түлкіні алдырып, саятшылық құратын ғаламда халық аз. Көк аспан тағысын қолға үйрету оңай емес. Оның амал-айласын білетін әлемде қазақтан басқа халық кемде-кем.
Құсбегілер бүркітті «қолбала» және «түз бүркіт» деп екіге айырып атайды. «Қолбала» деп балапан кезінде ұядан алып, қолға үйреткен құсты айтады. «Түз та­ғысы» немесе «түз бүркіт» деп, есе­йіп ұшып жүрген жерінен қол­ға түсірген құсты айтады. Түз бүркітті бағындыру оңай­ға түспейді. Көк аспанда ер­кін самғап үйренген түз та­ғысы қол­­ға түсіп қор болғанда на­мыс­тан құсаланып өліп те ке­те­ді. Өлмегеннің өзінде ашу ша­­қырып, бағынбай отырып ала­ды. Ондайда асау бүркітті ба­ғындыру үшін құсбегілер «Ыр­ғаққа отырғызу» тәсілін қол­данады. Оны ауызекі тілде бүркітті ыр­ғаққа отырғызу деп атайды. Ол үшін арасы 2-3 метр болатын екі қазықша немесе діңгек орнатылады. Қазықша-діңгектердің ара­сына арқан тартып, жіптің ту­ра бел ортасына ағаштан немесе қайыстан бүркіт отыратындай тер­беліп тұратын балдақ жасайды. Қол­ға үйретілетін бүркіттің басына томаға кигізіліп, осы балдаққа отыр­ғызады. Құсбегі бүркіт отырған бал­дақ­қа немесе көлденең тартылған ар­қанға қосымша жіп байлап, оны қозғап ырғайды. Ырғақ ке­зінде құлап қалмас үшін бүркіт балдақ ағашты қыса түседі. Қыса-қыса тегеуіріні шаршап, әбден қал­жырайды. Одан кейін адамдар бірі­нен соң бірі кезектесіп ырғақ­ты үз­бей, тіпті екі-үш күнге дейін со­зады. Ұйқысы қашып, қатты шар­ша­ған бүркіт миы шайқалып құ­са­ды, ақырында есінен танып құ­лай­ды. Сол сәтте иесі, яғни құс­бе­гі оны өзі­­нің шапанына орап қояды. Ораулы шапанның ішінде есін жиған түз тағысы сол сәттен бас­тап өзінің бұрынғы еркін өмірін толық есінен шығарып, ұмытады. Яғни «миын» құсып тастайды. Ана­дан жаңа туғандай күй кешеді. Бойына шапанның иісі сіңіп, бұдан былай сол иістің иесіне мәңгілікке бағынышты күйге түседі. Міне, бұл қазақтардың түз та­ғы­сын бағындыру үшін ойлап тап­қан көптеген әдістерінің бірі.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар