жұма, 16 қаңтар, 2026 13:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 миллионға жуық қазақстандық жасанды интеллект бойынша оқудан өтті

1 миллионға жуық қазақстандық жасанды интеллект бойынша оқудан өтті
ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
Бағдарлама азаматтардың ЖИ сауаттылығы, IT саласындағы мамандарды даярлау, мемлекеттік аппарат құзыретін арттыру, ұстаздарды қолдау, жасөспірімдерді тарту, сондай-ақ ұжымдық деңгейде ЖИ-ді енгізу сияқты бірнеше деңгейден тұрады.

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекет басшысының цифрлық және ЖИ-экономиканы құру үшін мамандарды даярлау жөніндегі тапсырмасының іске асырылу барысы туралы хабарлайды. «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында Президент ЖИ саласында мамандарды жүйелі даярлаудың және цифрлық білім беруді дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы міндеттерді іске асыру аясында ЖИ және цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған 5 жылдық оқыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 900 мыңнан астам азамат сала бойынша білім алып, оқу мен жұмысқа қажетті базалық және қолданбалы құзыреттерді меңгерді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Азаматтар қызығушылығының жоғары деңгейде болуы бастамалардың өзектілігі мен сұранысқа ие екенін көрсетеді. Оқыту бағдарламасы ЖИ мен цифрлық қызметті пайдаланудан бастап, IT-мамандарды даярлау мен ұйымдардың бизнес-үдерістеріне ЖИ-ді енгізуге дейінгі бағыттарды қамтиды.

«Мақсатымыз – ЖИ-дағдыларын оқушылар мен студенттерге, педагог, мемлекеттік қызметшілер және компания қызметкерлеріне, яғни баршаға қолжетімді ету. Атқарылған жұмыс нәтижесі адамдардың сала бойынша білім алып, ЖИ-ді тәжірибе жүзінде қолдануға дайын екенін көрсетіп отыр. Біз технологияларды пайдалы әрі қауіпсіз қолдану ережелерін сақтай отырып, бағдарлама аясын кеңейтуді жалғастырамыз», – деп атап өтті Министрлік өкілдері.

 

Негізгі бағыттары:

1) Мамандарды даярлау (мамандық және еңбек нарығы)

Tech Orda – сұранысқа ие болатын IT-мамандарды даярлауға арналған бағдарлама, оқу құны бір студент үшін жартылай немесе 500 мың теңгеге дейін толық өтеледі.

Бағдарлама аясында 9 000-нан астам студент білім алды.

2025 жылы 34 000-нан астам өтінім түсіп, іріктеу нәтижесінде 2 600-ден астам қатысушы оқуына кірісті.

Толығырақ: https://astanahub.com/ru/techorda/course/ 

Tomorrow School – peer-to-peer үлгісіндегі Қазақстандағы алғашқы ЖИ мектебі (командалық жұмыс пен өзара көмекке негізделген).

9 іріктеу кезеңі өткізілді, өтінім саны - 17 879.

Қазіргі таңда Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан және Әзербайжаннан 350-ден астам студент білім алуда.

Оқу ұзақтығы – 18 ай, студенттер 50-ден астам жоба дайындап, 20-ға дейін бағдарламалау тілін меңгереді.

Толығырақ: https://tomorrow-school.ai 

TUMO Astana (alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында) – 12–18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған тегін оқыту бағдарламасы. Мұнда білім алушылар бағдарламалау, дизайн, креативті технология, генеративті ЖИ-ді меңгереді.

2 361 өтінім тіркеліп, 1 134 оқу шарты жасалды.

Оқу 2026 жылғы ақпанда басталады.

TUMO - халықаралық деңгейде мойындалған қосымша білім беру моделі: білім алған және бағдарламаны меңгеріп жатқан белсенді азамат саны 100 мыңнан асады, 16 қалада 18 орталығы бар.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар