EXPO аумағы жаңа буынның технологиялық кластеріне айналуда – Жаслан Мәдиев
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 11:03
- 53
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Exponential Cluster кластері аясында қазірдің өзінде келесі бағыттар бойынша технологиялық орталықтар желісі қалыптасуда: Олар – Robotics, DroneTech, GameDev, Cybersecurity, MedTech, AgriTech, Industry 4.0 және Cybersport. Робототехника орталығында қазірдің өзінде телеоператор арқылы гуманоид роботты басқару жүзеге асырылуда. Роботты тілдік модельмен интеграциялау келушілермен интерактивті байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
«Дрондар орталығында Phygital-арена мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын даярлауға арналған инфрақұрылым құру аяқталуға жақын. Сондай-ақ, робототехника орталығында гуманоидты роботтар зертханасы іске қосылды. Онда пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасау үшін Alem LLM тілдік моделімен телебасқару және интеграция технологиялары жүзеге асырылды»,— деп атап өтті министр.
Барлық орталықтарды іске қосуды биыл аяқтау жоспарлануда. Болашақта кластер жыл сайын 500-ге жуық стартапты, соның ішінде 100-ден астам hardware-жобаны пайдалануға беруді қамтамасыз етеді. Exponential Cluster жыл сайын 500-ге дейін стартаптардың іске қосып, инновацияларды тарту орталығына айналмақ.






