"100 млн пара алған": БҚО-да Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы парамен ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қаңтар, 2026
- 306
ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті. Бұл туралы құқық қорғау органының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.
— Көрсетілген тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен. Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыда құжатта көрсетілген, — делінген хабарламада.
Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрд теңгені құрады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ұқсас жаңалықтар
"Заңсыз айналым": Биыл елімізде 118 қару мен 15 граната тәркіленген
- авторМағжан Орынбасар
- 31 наурыз, 2026
«Қаржы пирамидасына қатысы бар»: Күдікті Грузиядан елге жеткізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 30 наурыз, 2026






