«2,5 млн теңге жымқырған»: Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 2 маусым, 2025
- 589
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының соты Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінің басшысы Д. Хамзинге және осы Департаменттің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы К.Қашқынбаевқа қатысты үкім шығарды.
Хамзин Қазынашылық Департаментінің ғимаратын ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 1 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
- Сонымен қатар ол Қашқынбаевпен бірге топта олармен үлестес тұлғаларды жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,5 млн теңге жымқырды. Хамзин мен Қашқынбаевқа тиісінше 55 млн теңге және 25,4 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ, оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды, - делінген хабарламада.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Жазғы демалысты қалай тиімді өткізуге болады
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратты деген күдікке ілінді
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 қаңтар, 2026
Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетелдік елден қуылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 қаңтар, 2026






