Заң
"35,6 млн теңге шығын келген": Алматыда сот орындаушысы сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 12:18
- 16
Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті
Алматы қаласында жеке сот орындаушысы мүлікке салынған тыйымды заңсыз алып тастағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Анықталғандай, сот орындаушысы борышкердің банк шотына бұрын салынған тыйымды заңсыз алып тастаған, бұл шотта берешекті өтеуге жеткілікті қаражат болған.
Осының салдарынан өндіріп алушыға 35,6 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірілді.
— Наурызбай аудандық сотының үкімімен жеке сот орындаушысы ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабы (жеке сот орындаушысының өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп танылып, оған 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, — делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Жыл басынан бері айналымға шамамен үш тонна есірткі жіберілмеді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 сәуір, 2026
Заң
Қарағанды облысында 8 азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 11 сәуір, 2026






