сенбі, 17 қаңтар, 2026 19:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратты деген күдікке ілінді

Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратты деген күдікке ілінді
Фото: polisia.kz
Алматыда демалыс орындарында есірткі қылмысына қарсы арнайы операция жүргізілді

Алматыда полиция қызметкерлері тұрғындардың жаппай демалыс орындарында психотроптық заттардың заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел іс-шаралар барысында қаланың ойын-сауық орындарының бірінде ас үй қызметкері есірткі заттарын таратты деген күдікпен жұмыс орнында ұсталды. Санкцияланған жеке тінту кезінде күдіктіден ұнтақ тәрізді заттар мен өзіне тән иісі бар өсімдік тектес масса тәркіленді. Аталған заттар психотроптық және есірткі құралдары болуы мүмкін деген болжаммен сараптамаға жолданды.

Ұсталған күдіктінің тұрғылықты мекенжайында қосымша тінту шаралары жүргізілді.

«Біз есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу бағытында, әсіресе адамдар көп жиналатын демалыс орындарында қатаң әрі жүйелі шаралар қабылдап келеміз. Негізгі мақсат – есірткінің таралуына жол бермеу және мегаполис тұрғындарын, ең алдымен жастарды қорғау», – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Полиция есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар арналар мен тұлғаларды анықтау бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар