сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026 14:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарағандыда есірткі сатумен айналысқан колледж студентіне үкім шығарылды

Қарағандыда есірткі сатумен айналысқан колледж студентіне үкім шығарылды
Фото - ашық дереккөз
Тергеуді Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді

Қарағанды қаласында есірткі заттарының заңсыз айналымы мен контрабандаcына қатысты іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тергеуді Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді. Колледж студенттерінің бірі есірткі тарату арқылы табыс табу мүмкіндігі туралы біліп, «Telegram» мессенджері арқылы белгісіз куратормен «жасырма-курьер» және «қойма» функцияларын атқару жөнінде келісім жасаған.

Оның міндеттеріне берілген координаттар бойынша есірткі заттарын алу, сақтау, бөліп орау, тасымалдау және қала аумағында жасырын орындарға орналастыру кірген. Күніне ол шамамен 30 жасырма жасырған.

- Сонымен қатар, сотталушы Таиландтан Қазақстанға есірткі заттарын халықаралық пошта жөнелтім арқылы жеткізуді ұйымдастырған. Осы мақсатта ол «Telegram» мессенджері арқылы 400 мың теңге сыйақыға, кәмелетке толмаған дропперді тартып, жөнелтімді оның атына рәсімдеген. Ол тауарды алу кезінде ұсталып, одан 909 грамм каннабис экстракты тәркіленді. Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен қосымша 80 грамм есірткі заты табылып, алынды. Сондай-ақ ұялы телефонды тексеру кезінде оның бір күн бұрын бірнеше жасырма орналастырғаны анықталды. Берілген координаттар бойынша тағы 3,34 грамм каннабис экстракты тәркіленді. Сот үкімімен кінәлі 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - делінген ҚМА хабарламасында. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар